Австрияда футболдан Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропа-2012 чемпионатының іріктеу сатысындағы екінші ойынын өткізді

Біздің командамыз өнер көрсететін «10 топ» кестесіндегі екі ойын қорытындысы бойынша Исландия екі ойында да жеңіске жетіп, 6 ұпаймен алда келеді. Шотландиялық қыздар 4 ұпайға, Австрия 1 ұпайға ие, Қазақстан құрамасы әзірге ұпай иеленген жоқ.

Сәрсенбі, 12 қазан күні сағат 16.00-де «Глоггнитц» стадионында Қазақстанның футболшылары осы іріктеу сатысындағы соңғы ойындарын Австрия командасымен өткізеді.