Австрияда парламенттік сайлауда басқарушы коалиция алда

 Басқарушы екі партиялы коалиция Австрияда парламенттік сайлауда алдағы бес жыл бойына парламентте көпшілік дауысқа ие болуы үшін жеткілікті дауыс жинады, деп хабарлады британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы.


           Алдын-ала деректерге қарағанда, социал-демократтар 27,1% дауыс жинаған, консервативті Халықтық партия 23,8% дауыс, делінген онда.
           29 қыркүйекте Австрияда парламенттің төменгі палатасы – Ұлттық кеңеске сайлау өтті. Австриялық сайлаушылар183 депутатты сайлады.