Перуде 50-ден астам адам мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 100 метр биіктіктен құлап кетті. Соңғы деректер бойынша, құрбандар саны – 48 адам, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Жол апаты Перудің астанасы Лима қаласына жақын маңдағы "Шайтанның бұрылысы" (Curva del Diablo) атты жерде болған.
Перудің транспорт және коммуникациялар министрі Бруно Джуффренің мәлімдеуінше, бастапқы деректерге сәйкес екі жүргізуші де жылдамдықты шектен тыс асырыпты.