Автобус пойызбен соқтығысты


Оқиға Мұнайлы ауданында болды. Cол сәтте қоғамдық көлік ішінде 20 жұмысшы отырған. Барлығы түнгі ауысымға бара жатқан зауыт жұмысшылары екен. Абырой болғанда адам өлімі жоқ. Тек 59 жастағы әйел жараланып ауруханаға жеткізіліпті. Айта кетсек, осындай теміржол өткелде жол апаты 3 ай бұрын да болған. Ол кезде пойыз жанармай таситын көлікпен соқтығысып, 17 цистернадағы мұнай түгелдей өртеніп кеткен-ді. Және машинист көмекшісі оқиға орнында жан тәсілім еткен болатын.