Автобус жүргізушілері төбелесіп, бірі ауруханаға түсті - Қарағанды

Өткен жексенбіде ол аялдамада өз әріптесімен төбелесіп, оған пышақ салған, деп хабарлады дүйсенбіде  қалалық прокуратурадан.

Жүрегіне пышақ тиген жігіт жан сақтау бөліміне жеткізілген.

"Ұсталған жігіттің айтуынша, олар жұмыс бабында келіспей қалған көрінеді. Жолаушыларды, не маршрут бойынша жүру уақытын келісе алмады ма, оны тергеу анықтауда", деді прокуратурадан.

Ұсталған жігітке қатысты "ауыр дене жарақатын келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.