Бұл қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын бақылайтын пилоттық жоба. "Ақылды" камералардың көмегімен алғашқы үш күнде-ақ автобустардағы әлеуметтік қашықтықтың сақталмағаны анықталды. 52 адам бетпердесіз болса, 89 адам оны дұрыс кимеген. Тестілеу жалғасады, - деп жазды Сағынтаев instagram-дағы парақшасына. Әкімдік бұған дейін автобустардағы маска тағу режимін бақылайтын пилотты жобаны іске қосатындарын хабарлаған еді.