Автобустағы өртте ажал құшқан өзбекстандықтың анасы қайғылы хабарды әлі естімеген

Ақтөбе облысында өртеніп кеткен автобус ішінде Шохидон ауылынан шыққан ағалы-інілі екі жігіт қаза тапты, деп хабарлайды  Sputnik "Новости Узбекистана".

20 жастағы Шохрух Закиров пен 19 жастағы Мухаммадин Хусниддинов Ресейге жұмыс іздеп бара жатқан. Туған-туыстарының айтуынша, Закиров бұрын Мәскеуде түрік құрылыс компаниясында жұмыс істепті.

"Бауырларымның Ресейге бет алғанын, олар кеткесін бір-ақ естідім. Бейсенбі күні автобустың өртеніп кеткенін естідік. Шохрух пен Мухаммадин сол автобуста болғанына еш сенгім келмеген еді", – дейді қаза тапқан ағалы-інілі жігіттердің ағасы Мухаммадсоли Зиевиддинов.

Шохрух Закировтың әкесі тілшілерге айтқандай, ауылда автобустағы өрттен аман қалған жігіт туралы сыбыс тараған екен.


"Чиндовул қыстағының тұрғыны басқа көлікке отырып, аман қалыпты. Кейін Ресейден туыстарына хабарласқан. Негізінде ол да құрбандар қатарында болған", – дейді Закировтың әкесі Тохиржон Рахимов.

"Әйелім әлі ештеңе білмейді, айтуға қорқамыз, денсаулығы нашар. Шохрух қатты ауырып қалды деп қана айттық", – дейді марқұмның әкесі.