Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.
Кадрдан бірнеше ер адам әйелді автобустан күштеп шығарғаны байқалады. Содан кейін белгісіз біреу әйелді соққыға жыққан.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 28 қыркүйек 16.30 шамасында Қарағанды-Теміртау бағытындағы автобуста болды.
25 жастағы кондуктордың айтуынша, "Кеншілер мәдениет сарайы" аялдамасында автобусқа мас әйел мінген.
"Ол басқа адамдардың мазасын алып, балағат сөздер айтып, жол ақысын төлеуден бас тартқан. Теміртауға жеткеннен кейін "Кооператор" аялдамасында кондуктор мен жолаушылар әлгі әйелді салоннан шығарады. Содан кейін белгісіз біреу оны ұрып-соққан", - деп мәлімдеді полициядағылар.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір полиция жәбірленуші мен қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы бар тұлғаның жеке басын анықтап жатыр.