Сәрсенбі күні үкімет «Салық мәселелері жөніндегі бірқатар заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасын бекітті. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісі хабарлады.
«Заң жобасы бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы, жер салығы, қозғалтқышының көлемі 3 мыңнан 4 мыңға дейінгі аралықтағы көлік салығы қымбаттайды. 2015 жылдан бастап темекі акцизін, 2014 жылдан бастап алкоголь өнімдері салығын көтеру көзделген», - деді ол үкіметтің сәрсенбідегі отырысында Қазақстанның 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жобасымен таныстыру барысында.
Сонымен қатар, құжат салықтық басқару және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартып, әкімшілік тосқауылдарды азайтуға, бизнеске қолайлы жағдай туғызуға бағытталған.