Автоконцерннің басшысы терезеден секіріп өлді


Британдық Таиланд астанасы Бангкоктағы ғимараттың терезенен құлап кеткен. Мұнда ол компания директорларының кеңесінің кездесуінде қатысуға келген. Алдын ала болжамдарға сүйенсек, 51 жастағы бизнесмен денесінің тепе-теңдігін сақтай алмай қалған, деп хабарлайды ВВС.

Слим британдық Jaguar Land Rover-тен басқа, Tata Motors компаниясының барлық бөлімшелерін басқарған. Tata Motors-тың басқарушы директоры қызметіне ол 2012 жылдың қазан айында, концернде экономикалық мәселелер туындаған сәттен кіріскен болатын. Бұған дейін ол аттары әлемге әйгілі Ұлыбританиядағы Toyota мен үнді және қытай елдеріндегі General Motors компанияларында жұмыс істеген. Слимнің басшылығы кезінде Tata Motors «Нано» атты арзан автомобиль мен заманауи жаңа моторлар шығара бастаған еді.