Автокреслосы жоқ балаға полициядан тығылуды үйреткен видео ғаламторды дүр сілкіндірді

Автокресло сатып алуға ақшасы болмаса керек, бұл әке ұлын осындай қулыққа үйретуде. Полициядан қалай тығылу керектігін бала да жаттап алған. Себебі ешқайсы 10 мың теңге айыппұл төлегесі келмейді. Автоорындық демекші, бүгін Ішкі Істер министрлігі тұрғындар заңды дұрыс түсінбеді деп ақталып отыр. Яғни,балалардың бас-басына автокресло сатып алудың қажеті жоқ екен. Ол тек көліктің алдыңғы орындығына отыратындарға керек. Қалғандары «бустер» сатып алса жеткілікті. Мұнсыз 12 жасқа дейінгі балаларды машинаға отырғызуға тиым салынған.

Игорь Лепеха, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

-Жаңа заң туралы сөз болған кезде аяқ астынан бәрі автокреслоны айтып шыға келді. Заңда "балаларды ұстап тұратын құрылғы" деп қана жазылған. Ал, автокресло тек сондай құрылғылардың бірі ғана. Қазір көбісі түсінбей жатыр, уақыт өте келе бәрі үйреніп кетеді.

Жүргізушілерді бекерге шуламауға кеңес берген министрлік үлкен дау туғызған медициналық жәрдем қобдишасына қатысты да түсініктеме берді. Себебі денсаулық сақтау министрлігі әрбір көліктің ішінде болуы тиіс дәрілердің тізімін қайта өзгертіп, бекіткен болатын. Дегенмен, полиция ондағы дәрілердің толық тізімін тексеріп жатпайды. Бастысы, дәрі толы қобдиша машинада бар болса жетіп жатыр.


-Алайда Ішкі Істер министрлігінің бұл сөзіне жүргізушілер күманмен қарайды. Себебі 7-ші қаңтардан бастап күшіне енген "Жол қозғалысы туралы" жаңа заң бойынша, уақытша айыппұл салмауға уәде берген болатын. Десе де, полицейлердің жағылмаған шам мен авторындық үшін жазалауы жер-жерде кездесіп жатыр. 

Loading...