Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізілетін болады. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.
Пилоттық платформа іске қосылған кезде 761 адам тіркеле алады. Яғни 761 адам толық тіркелса, платформада өтінім қабылдау автоматты түрде тоқтатылады.
Жасыратыны жоқ, өткен жылы бағдарламаны бастау кезінде бірқатар теріс ақпарат тарап, қиындықтарға тап болдық. Оның нәтижесінде азаматтарға автокөлік алуға кедергілер туындады. Осы жағдайларды алдын алу үшін алдағы уақытта «Өнеркәсіпті дамыту қорымен» бағдарлама бойынша бір уақытта қаржының да, автокөліктің де болуын және ашықтықты қамтамасыз ету үшін тиісті платформа әзірледі. Сонымен қатар бұл платформа несие алуға өтінім берген азаматқа, автоөндірушіге және банкке өтініш тіркелген кезден бастап, автокөлікті алғанша дейін онлайн нұсқада бақылау жасауға мүмкіндік бермек, - деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры.
Оның айтуынша, бұл бағдаламаның ерекшелігі мұнда револьверлік қағидаты бар.
Азаматтар несиелерін алған соң ол ақшаны берген банк жинақтайды. Қомақты қаржы жиналғаннан кейін ол соманы қосымша айналымға жіберіледі. Осылайша, былтыр қазаннан бастап осы қаңтар айына дейін револьверлік қағидат арқылы банктерде 7 млрд 600 млн-дай ақша жинақталып отыр, - деді Ғалымжан Әди.
Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша бұрынғы шарттар өзгеріссіз қалды:
1. Бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;
2. қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;
3. қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;
4. бастапқы жарна - 0 пайыз.