Айтуларынша, еліміздегі бірнеше спутниктік желі мен кабельді операторлар авторлық қоғаммен келісім-шартқа отырмаған. Олар 2006 жылы қабылданған заңға сай, спутниктік желі арқылы көрсетілетін әрбір туынды үшін авторға, белгіленген сомада қаржы төлеуі тиіс. Алайда, бүгінгі жиында ұлттық спутниктік арна мен авторлық қоғам өкілдері ымыраға келе аламады. Енді сыйақы төлеуден бас тартқан сандық операторларды авторлық қоғам сотқа бермек.
Любовь Балмағамбетова, Авторлар құқығын қорғау бірлестігінің президенті:
- Біз заң сақталса дейміз. Авторлардың құқығын қорғауымыз керек. Біздің авторлар өзінің туындысы үшін сыйақысын алып тұрса, оларға бұл шабыт береді. Осыны әрбір орератор түсінсе дейміз.