Аяғы ауыр әйелдер мобильдік қосымша арқылы қаралатын болды


Қарағанды облысында қанатқақты жобамыз бар. Барлық аяғы ауыр әйелдің тегін мобильдік қосымшасы болады. Сол арқылы дәрігерінен, учаскелік терапевтен, акушер-гинекологтан кеңес алып, қаралу күнін белгілеп, диета бойынша сұрақтар қоя алады", — деді Біртанов Денсаулық сақтау министрлігі коллегиясының отырысында.

Бұдан бөлек, екі жасқа дейінгі балаларды қарауға арналған мобильдік қосымша жасалып жатыр, оны 2017 жылдың соңында таныстыру жоспарда бар.