Аяғынан айырылған келіншектің адвокаты жол апатының куәгерлеріне өтініш білдірді

«Достар, әл-Фараби даңғылында болған жан түршігерлік жол апаты көпшілігімізді дүр сілкіндірді. Оқиға салдарынан екі әйел ауыр жарақаттар алды.

Бүгін әріптесім Салтанат екеуіміз ауруханада болдық, Екатерина Парафиева әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Катяның үш жасар қызы бар. Оған анасы туралы әлі айтқан жоқ.

Сергейдің айтуынша, ол анасын жиі шақырады және жанынан өткен адамдардың бейнесінен анасын іздейді. Катяның отбасы маған жүгінді және мен олардың мүдделеріне өкілдік ететін боламын.

Аталмыш оқиғаның куәсі болғандарға үлкен өтінішіміз бар. Мүмкін апат орын алған кезде немесе оқиға орнынан ұялы телефонға немесе видеотіркегішке түсірілген фотосуреттер мен бейнежазбалар бар шығар. Бұл материалдарыңызбен менімен бөліссеңіздер, жекеге жіберуге болады.

Оқиға көптеген азаматтарды бей-жай қалдырмады. Бұл жанұяға әділдікті орнатуға, кінәлілерді анықтауға көмектескім келеді. Егер бұл істе біреулердің кінәсі немесе жауапсыздықтарының белгісі болатын болса, ешкім жауапкершіліктен қашып құтылмауы тиіс.

Сіздердің көмектеріңізбен бұл резонансты істі объективті, жан-жақты және толыққанды қарайтын боламыз деп сенемін. Сіздерге мән-жайды хабарлап отыратын боламын», - деп жазды адвокат Facebook-тегі парақшасына.


Еске салайық, жол апаты  Әл-Фараби даңғылында 16 маусым күні болды. Honda CRV тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Келіншектер жол шетіне тоқтап, көліктерін қарауға шығады. Сол кезде Honda CRV-ның артынан келе жатқан Toyota Camry онымен соқтығысудан қашып, бірден ортаңғы жолаққа бұрады. Ол жерде автобуспен түйісіп, Toyota Camry соққымен Honda CRV-ны артынан ұрады. Салдарынан келіншектер екі көліктің ортасында қысылып қалған.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, пациенттердің бірінің аяғына ампутация жасау ұйғарылған.

Екінші қыз №7 қалалық ауруханананың неврология бөлімінде жатыр.