"Шайдай ашық күн болатын, бірден бұлт үйіріліп, қатты құйынды желге ұласты. Соңынан бұршақ аралас жаңбыр сеуіп өтті», - дейді аягөздіктер.
Қалалық гимназия, әскери комиссариат, көпқабатты тұрғын үйлер мен мейрамханалардың шатыры ұшып кеткен. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрден кем болмағанын айтуда тұрғындар. Абырой болғанда, жарақат алған адамдар жоқ. Аудандық әкімдік жағдайдың бақылауда екенін, шығындар есептеліп жатқанын жеткізді.