Аягөзде түн ортасында жарқырап жанатын көл табылды (ВИДЕО)

 Су айдыны Балқаш пен Аягөздің арасында жатыр. Ерекше құбылыс жылдың бір ғана мезгілі - шілде айының ортасында болады екен.

Бұл көл неге түнде жарқырайды? Су түбіне фосфор шөгіндісі жиналып қалған ба, әлде, көл жалтырауық жәндіктердің әсерінен көк түске бояла ма?!

«Түнде жанатын себебі - көлде жарқырауық шаяндар бар»,  - дейді су жағасындағылар. Ал бұл жәндіктер Тынық мұхитында мекендейтін болып шықты.