«Аялаған Астана» конкурсы таланттарға жол ашады

Жобаның басты мақсаты - еліміздегі жас таланттарға жол ашу, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және одан әрі қабілеттерін шыңдау.

Финал үш байқау күндеріне бөлінген: «Балалық шақ әнұраны»(4 шілде), «Жұлдыздармен дуэт және әлемдік хит» (5 шілде), «Атамекен» (6 шілде). Осы күндер қорытындысына сәйкес, халықаралық қазылар алқасы мен телекөрермендер «Балалар жаңа толқынында» Қазақстан намысын қорғауға мүмкіндік алатын Гран-При иегерін анықтайтын болады. Сонымен қатар, 1,2,3 орындар, Көрермен көзайымы мен 1 миллион теңге (баланың шығармашылық қабілетін одан әрі дамытуға бағытталады) сыйлық қоры бар арнайы қаржылай сыйлықтар қарастырылған.

«Аялаған Астана» жобасының 2014 жылы наурыз-сәуір айларында өткізілген іріктеу кезеңіне еліміздің Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Қостанай, Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей, Көкшетау, Петропавл,  Астана сынды 16 қаласынан 8-12 жасар 1000 бала қатысты. 

Мамыр айының орта шенінде сарапшылар биылғы жылы өнер додасында финалға шыққан ең талантты 17 баланың есімін атады. Олар: Луиза Нұрқуатова (Ақтау); Замира Сағадиева (Зеренді); Дания Ишанқұлова (Орал қ); Мұхаммедәли Жүгінісов (Астана); Дильназ Төлеген (Қызылорда); Диас Омар (Қызылорда); Настя Першикова (Павлодар); Жахан Қабікен (Астана); Малика Смағұлова (Павлодар); Дильнура Біржанова (Қарағанды); Ғалимұрат Әбдіманапов (Жезказған); Жанайкерім Өтегенов (Қостанай); Алдияр Орекен (Екібастұз); Ясмин Мажитова (Алматы); Сағынған Қуанған (Астана); Әділет Мейрамбеков (Көкшетау), Алуа Берешева (Алматы).

2014 жылы 1мамыр Халықаралық балаларды қорғау күні Астанада «Аялаған Астана» ұлттық музыкалық телевизиялық балалар байқауының финалистеріне құрылған арнайы музыкалық мектеп ашылды. Мереке күні бір-бірімен алғаш жүздескен балалар Лина Арифуллинаның шеберханасындағы актерлік шеберлік, сольфеджио және вокалдан мәскеулік тәжірибелі ұстаздармен танысты.


Финалистер маусым айы бойы астаналық музыкалық мектепте вокалдық қабілеттерін шыңдап, Руслан Бұтабаевтың жетекшілігіндегі «Zaratushtra Band» жанды оркестрінің сүйемелдеуімен өтетін телевизиялық шоуға дайындалады.

Финалда 12 концерттік нөмір қойылады. Қатысушылардың бір бөлігі жекелей ән орындаса, бір бөлігі дуэт пен триода өнер көрсетеді.