“Аянышты пендесіңдер”: Нұртас Айдарбеков ұлын сынағандарға жауап берді

Аста-төк өмірін жиі көрсететін хитменге көпшілік жағымсыз пікірлерді жаудырған. Бұл ретте ұлын сынағандарға Нұртас Айдарбеков жауап берді.

“Алла баршаңызға ғұмыр берсін. Ал мына ойланбай жаман пікір білдірген пенделерге Алла сабыр берсін дегім келеді, бұл адамдарды дүниеге әкелген аналарына жаным ашиды. Өмірден ешнәрсеге қол жеткізе алмай, алақан жайып туылғандарына қарным ашады.

Бір жігіт менің ұлымдай-ақ қайырымдылық жасасын. Бүкіл қазақтың мәселесін Қайрат түгілі, өкімет шеше алмай отыр. Өте аянышты пендесіңдер”, – дейді Нұртас Айдарбеков.


Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова сайтымыздың тілшісіне берген сұхбатында “Қайраттың ақшасына бүкіл отбасын асырап отыр” дегендерге жауап берген еді.