Бұл тізімді Ақтөбе бастап тұр. Ақтөбенің "Орталығы" соңғы 6 жылда осымен 4 рет ең көп жанкүйер жинайтын стадион болып отыр. Бұған дейін мұндай мәртебеге 2008 жылы Қызылжардың "Авангард", 2005 жылы Павлодардың "Орталық" стадиондары ие болған еді. Премьер-Лига матчтарына биыл орта есеппен 4 137 адам келген. Ол 2009 жылы - 3 770, 2008 жылы - 3307, 2007 жылы - 3578, 2006 жылы - 3951 адамды құраған болатын.
Өз алаңдарындағы ойындарына жинаған жанкүйерлерінің орташа көрсеткіші жағынан Премьер-Лига командаларының арасында "ақтөбеліктер" - 6 888 адаммен көш басында дара келе жатыр. Ең аз жанкүйер жинаған команда Алматының "Қайраты" (1 116) болып отыр. Ал бұл көрсеткіш Қостанайдың "Тобылында - 5 531, Қарағандының "Шахтерінде" - 5 406, Атыраудың "Атырауында" - 5 000, Астананың "Локомотивінде" - 4 788, Павлодардың "Ертісінде" - 4 769, Оралдың "Ақжайығында" - 4 688, Тараздың "Таразында" - 4 188, Шымкенттің "Ордабасында" - 3 688, Талдықорғанның "Жетісуінде" - 1 981, Көкшетаудың "Оқжетпесінде" - 1 600 жанкүйер.