"Аяз күшейеді": Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжамға сенсек, алдағы күндері күн суытады, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Республиканың басым бөлігінде қар жауады, қарлы бұрқасын аязға ұласады. Ауа температурасы республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында 25-30 градус аязға дейін, шығысында 15-20 градус аязға дейін, ал оңтүстігінде 5-15 градус аязға дейін төмендейді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды.