Аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды - ШҚО


ТЖ департаментінен хабарлағандай, Шемонаиха, Семей, Риддер, Курчатов қалаларында және Жарма, Абай аудандарында 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылды.

Сондай-ақ Бесқарағай және Көкпекті аудандарындағы білім ордаларында 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмады.

Өңірде түнде қалың қар түсіп, боран соқты. Ауа температурасы 13 градустан 31 градусқа дейін төмендеп кеткен.

Синоптиктер ауа температурасы әлі де төмендей түседі деген болжам айтуда.