Аяз салдарынан төменгі сынып оқушыларына сабақ болмауда - БҚО

«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты мектепте бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмауда», - делінген облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бүгінгі хабарламасында.

Хабарламаға сәйкес, синоптиктер алдағы күндері аяз күшейетінін болжауда.


Қазіргі кезде Оралда ауа температурасы минус 30 градус.