Кешқұрым Петропавлдан Қарағандыға шыққан автобус шамамен 70 шақырым жол жүріп барып бұзылған. Күн райы да сол сәтте -30 градустан төмен болыпты. Қаңтарылып тұрған көлікті полицейлер байқаған. Өзге автобустар жеткенше олар 45 адамға ыстық тамақ пен сусын жеткізген. Жолаушылардың бәрі кейін сапарларын аман-есен жалғастырыпты. Ал бұзылған автобус екі жүргізушісімен облыс орталығына жөнелтілді.