Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Астанада -34 градус. Мектепте сабақ тоқтатылды. Жұмыс уақыты қысқартылды. Мұндай аязды жылы жүрекпен ғана жылыта аламыз. Осы жолы сіздерге өз атымнан өтініш жасағым келеді: аялдамада тұрған жандардың бір-екеуін болса да ала кетіңіздерші. Тоңып-шашырамай, ауырмай-сырқамай үйінде күтіп отырған бала-шағасына аман-есен жетсінші. Егер сіз ең болмағанда бір адамды ала кетсеңіз, айналаңызға менің өтінішімді орындағаныңызды мақтанып тұрып айта аласыздар" - деп жазды Сұлтанқызы.