Аю ерлі-зайыптыларға шабуыл жасады

Бұл туралы ИТАР-ТАСС-қа дүйсенбі күні Александров ауданы бойынша жануарлар әлемі нысандарын және оны пайдалануды бақылау бөлімінің жетекші маманы Виктор Иванов хабарлады.

«Ері мен әйелі иттерін қыдыртып жүрген. Кенеттен аяқ астынан шыға келген аю әйелге бас салып, ауыр жаралаған, - деді ол. Жыртқышты кейіннен атып тастады.

Мамандар аюдың шабуылдауына не итермелегенін анықтауда.