AZAL Ақтау маңында болған әуе апатында қаза тапқандардың отбасыларына 12 млн теңге төлейді

AZAL бақылау кеңесі Баку-Uрозный рейсінің апатқа ұшырауына байланысты зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы Azertag.az агенттігі жазды.

Ақтау маңында болған әуе апатында қаза тапқандардың отбасыларына 40 мың манат, яғни 12,1 млн теңге төлейді. Ал зардап шеккендерге 6 миллион теңге беріледі.

Барлық жолаушыларға Әзербайжан заңнамасы мен халықаралық тәжірибеге сәйкес қосымша сақтандыру төлемдері жасалады.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer ұшағы 25 желтоқсанда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған 67 адамның 38-і қаза тапты.

Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбастовтың сөзінше, республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылған отбасыға айына шамамен 138 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан - 357 мың теңге көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек 5 млн теңге шамасында бір реттік көмек алады.