Азамат Сатыбалды: Бір баламен шектеліп, отбасыда атмосфера бұзылды


Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанның "Талқылайық" бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бір баламен шектеліп қаламыз деп ойлаған жоқпыз. Бармаған жеріміз жоқ, баланың болғанын қаладық. Бірақ, соның кесірінен отбасыда кішкене атмосфера бұзылған кездер болды. Өйткені, қазақтар көңілге қарамайды. "Не істеп жүрсіңдер ей, бір балаға қарап", - деп айта салады. Ол кәдімгідей адамның көңіліне тиеді. Сондай кезде отбасыда атмосфера бұзыла бастағанда менің жан досым бар Мәлік Отарбаев деген. Сол мені бір сөзбен тоқтатты. "Азеке, Алла тағала адамға бір бала бере ма он балаға татитын әлде он бала бере ма бір балаға татымайтын. Сондықтан бармен базар деңіз, барына шүкір деңіз. Сұлтанның артынан көп немере болғанын қалаңыз да осыған тәубе деңіз", - деді. Барына тәуба деп өмір сүріп жатырмыз.