Сот үкімі бойынша ол АҚШ колонияларының бірінде өтейді. Ол Дияс Қадырбаевпен бірге Бостон марафоны кезінде террорлық әрекет жасаған Джохар Царнаевпен жақын қарым-қатынаста болған. Тергеуде келтірілген деректерге сәйкес, Тажаяқов Царнаевтың қасақана әрекеттерін біле тұра полицияға хабар бермеген. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонында орын алған жарылыс салдарынан үш адам ажал құшып, 160 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Қазір қазақстандықтың қорғаушысы сот үкіміне қатысты апелляция бергелі жатыр. Егер шешім өзгеріссіз қалдырылса, Тажаяқовтың туыстары қалған жаза мерзімінде оны өзге колонияларға ауыстырмауын өтінбек. Әмір Исмағұлов, Азамат Тажаяқовтың әкесі: - Қазір біздің адвокаттарымыз апелляция жазып жатыр. Судья өзінің атынан 42 ай берді. Енді Азаматтың өзінің отырған 25 айы, 15% федералдық түрмеде отырғаны бар, соны алып тастаған кезде, шамамен 9 айы қалады, деп хабарлайды
http://24.kz/kz сайты.