Әмір Исмағұлов, Азамат Тажаяқовтың әкесі:
-Осы уақытқа дейін Азамат пен Диасты тергеу кезінде заң бұзушылықтар болған. - Егер тергеу заңсыз деп тапса, сот істі жабамыз деп отыр. Азаматтың да , Диастың да.
Азамат Тәжияқовқа қатысты сот процесі осы дүйсенбіде басталған. Ал алдағы дүйсенбіде оның адвокаттары сөз алады деп күтілуде. Сотта 600 америкалықтың арасынан іріктеліп алынған 12 алқа би төрелік етеді. Диасқа қатысты сот 8 қыркүйекке белгіленгенін бұрын да хабарлағанбыз.Отандастарымызға Бостон қаласындағы марафон кезінде жарылысты ұйымдастырған ағайынды Царнаевтарға көмектесті деген айып тағылуда.