Азаматтардың конституциялық құқығын сақтау полиция қызметіндегі басты басымдылық болып табылады - Шпекбаев

Баспасөз баянында хабарланғанындай, А. Шпекбаев ҚР Конституциясының бірінші бабында мемлекеттік құндылығы болып адам оның өмірі, құғы мен бостандығы болып табылатынын атады. Ал ҚР "Ішкі істер органдары туралы" заңында азаматтардың конституциялық құқығын бұлжатпастан орындау керек, және бұл қағида полиция қызметкерлерінің негізгі басымдылығы деген.

Вице министр атап өткеніндей, азаматтардың конституциялық құқығын бұзған әрбір дерек төтенше жағдай болып саналады Ал бұған жол берген жауапты қызметкерлер заң алдында жауап береді.

Вице-министрдің орынбасары және құқық қорғаушыларымен кездесу кезінде полиция қызметінде адамның конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуді бақылайтын және мониторинг жүргізетін ІІМ тұрақты жұмыс тобының қызметі талқыланып, қылмыстық іске қатысты барлардың құқығын сақтап оны кеңейтуға байланысты ІІМ қолданыстағы заңның процессуалдық бөліміне енгізілуге дайындалған өзгертулер мен толықтыруларды қарастырды.

Кездесуге қатысқандардың азаматтық қоғамды қалыптастырып, азаматтар мен адам құқығы мен бостандығын қорғап, оны қамтамасыз ету мақсаттары белгіленгеннен кейін, ҚР ІІМ мен адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталық арасында қарым-қатынас жасау жөнінде меморандумға қол қойылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті