Гүлнұр Оразымбетова актер Азамат Сатыбалдымен құшақтасқан суретін жариялап, оны көргеніне қуанышты екенін жеткізген.
Алайда желі қолданушылары әншінің жазбасына мән берместен, бірден сынай жөнелді. Олар отбасылы әйелдің өзге азаматпен құшақтасуын ерсі деп тауып, оны қатаң сынға алған.
“Бөтен еркекке беліңді ұстатпасай”, “Жолдасыңыз қызғанбай ма?”, “Осылапр доспыз деп құшақтасып жүретіндері несі?”, “Азаматтың күйеуі бар әйелдерді құшақтап жүретін жаман”, – деп сынады олар.
Тағы бір желі оқырмандарына Оразымбетованың қысқа етекті көйлегі ұнамай қалған.