Азаматтық авиация саласының ел экономикасына қосқан үлесі қанша?

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

Бүгінде азаматтық авиация саласында министрлік тарабынан бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өткен ол: «Өткен жылдың ішінде қазақстандық авиакомпаниялармен 5 млн. жолаушы тасымалданды. Ал республикалық әуежайлар10 миллионға жуық адамға қызмет көрсетті», - деді.

Министрдің атап өтуінше, жоғарыда аталған көрсеткіштер 2012 жылмен салыстырғанда 9 пайызға өсім көрсеткен. 


«2013  жылы азаматтық авиация саласының Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 320 млрд. теңгені құрайды», - деді А.Жұмағалиев.