Азаматтық партия "Отан" партиясымен бірігуді бір дауыстан қолдады - толықтырылған нұсқа

Партияның ҮІІ сьезінде бүгін партияның жетекшісі А.Перуашев өз партиясының басшылығының ұстанымын былай деп түсіндірді: "Салалық және таптық партиялардың күні қазір өтіп барады. Жалпыұлттық мүдде алдыңғы орынға шықты". Сонымен бірге кейінгі кездері республика экономикасының құрылымындағы өзгерістерге байланысты Азаматтық партияның негізгі электоратының үлес салмағы азайды. "Азаматтық партияның негізгі электоратының үлес салмағы бүгін 12 проценттен аспайды",- деді А.Перуашев.

Осыған байланысты ол "экономикалық өзгерістерге байланысты саяси құрылымның форматын өзгерту қажет",- деп пайымдайтынын жеткізді. "Отан" партиясымен бірігу жолы ауқымды жетекшілік командаға еніп, "Отан" партиясының құрамында қуатты индустриялық қанат болып қалыптасуды білдіреді. Біз тек күш-жігерімізді ғана емес, амбицияларымызды да біріктіреміз",- деді А.Перуашев.

Қазақстанның Азаматтық партиясы 1998-жылғы күзде құрылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті