"Саяси жүйені реформалау жолдары төңірегінде елімізде өрбіген бір-біріне мүлдем кереғар пікірталастар Қазақстанда шын мәнінде саяси пікір алуандығы орныққанына дәлел бола алады",- делінген мәлімдемеде.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, елімізде бүгінде парламенттің бақылау функцияларын күшейтуге, сот-құқықтық жүйені жетілдіру және жергілікті өзін-өзі басқару үрдісін қолданысқа енгізуде үкіметке жүктелетін жауапкершілік пен құқыққа қатысты ұсыныстар жобасы жасалды. "Бұл өзгерістерді жүзеге асыруға тиімді президенттік билік институты кепілдік береді",- дейді Ұлттық комиссия мүшелері.
"Нығая түскен мемлекеттілігіміз, халықтың әл-ауқатының барған сайын арта түсуі мен тұрақтылық Қазақстан халқын одан бетер бекем біріктіріп, ұлтаралық келісімді нығайтуға түрткі болуы тиіс",- делінген мәлімдемеде.