Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобына "Сайлау туралы" заңға енгізілетін түзетулерді қарау тапсырылды

Ұлттық комиссияның төрағасы Болат Өтемұратовтың айтуынша, Мақсұт Нәрікбаев басқаратын жұмыс тобына "заң жобасын шұғыл қарау туралы" тапсырма берілді. Егер жұмыс тобы Конституциялық заңға енгізілетін түзетулер "ахуалды біржола нашарлатып жібереді" деген тұжырымға келсе, онда Ұлттық комиссия ел президентінің атына арнап тиісті қорытынды әзірлейді, деді Б.Өтемұратов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 29-наурызда Ұлттық комиссияның отырысы барысында "Асар" партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева "Сайлау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасындағы көптеген ережелер "шикі әрі жан-жақты дәйектелмеген" деп мәлімдеді. Ол заң жобасының тағдырына көз қырын салуды Ұлттық комиссиядан өтініп, комиссия мүшелерінен заң жобасын жаппай өз қолдарына алып, ұсыныстар енгізуді сұрады.