Dax J деген лақап атпен шыққан Лондон қаласының тумасы қасиетті азан сөздерін әнге қосып, ремикс жасаған.
Алайда өзіне төнген қауіпті алдын ала сезген диджей сотшешімі шықпай жатып елден кетіп үлгерген екен. Кетіп бара жатып Тунис халқынан кешірім де сұраған. Бұл жайында ВВС арнасы таратқан хабарда айтылады.
Ал, диджей жұмыс жасаған түнгі клуб осы оқиғадан соң өз жұмыс тоқтатқан. «Біз діни сенім мен құндылықтарға тиісуіне жол бермейміз», – деп атап өтті Набеул қаласының губернаторы Мнауар Уэртэни.