Азат Перуашев «Нұр Отан» партиясынан шығып жатыр

«Оның бұл шешіміне не себеп болғаны белгісіз», - деді дереккөз.

Алайда, бұның алдында ҚазТАГ БАҚ-тардағы түрлі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, А. Перуашев парламенттік сайлауға қатысу үшін жаңа кәсіпкерлер партиясын басқаруы мүмкін.

43 жастағы А. Перуашев ҚР президенті әкімшілігі секторының меңгерушісі, «Қазақстан Алюминиі» АҚ вице-президенті, Қазақстанның азаматтық партиясының жетекшісі болған. 2006 жылдан бері «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы болып қызмет атқарады. 2006 жылдың желтоқсан айынан бері «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің бюро мүшесі.