«Азат» сауда үйіндегі өрт ауыздықталды

«Ғимараттың 2-қабатындағы оргтехника мен жиһаздың өртенуі салдарынан қалың түтін пайда болып, өрттің сөндірілуін кешеуілдетті», - деп мәлім етті қалалық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Екатерина Журавлева. 

Оның айтуынша, оқиға орнына 60 маман, 13 арнайы техника жұмылдырылды.



«Өрт сағат 12.07-дер шамасында сөндірілді. Жапа шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», - деп қорытындылады ТДЖ қызметкері.