Әзербайжан 2007-жылдың I жартысында 27 млн доллардың мұнай өнімдерін импорттады

Импорт құрылымында мұнай өнімдерінің үлесі небәрі 1,11% құрады, деп хабарлайды комитет.

Әзербайжанған импортталған мұнай газы мен басқа да газ тектес көмірсутектерінің көлемі 470 млн 081,3 мың текше метр, құны 51 млн 770,9 мың доллар (жалпы импорттың 2,1%) болды.

Әзербайжаннан шығарылған мұнай өнімдерінің экспорты осы мерзімде 1 млн 307 мың 702,2 тонна, құны 689 млн 741,3 мың доллар болды, бұл жалпы экспорт көлемінің 27,24%-іне тең және ол 2006 жылдың алғашқы жартысындағы көрсеткіштен 11,85%-ке кем.

Әзербайжанның жалпы экспортының көлемі 2007 жылдың І жартысында 2 млрд 532 млн 029,4 мың доллар, ал елге әкелінген импорт көлемі 2 млрд 454 млн 082,9 мың доллар болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті