Әзербайжан 2008 жылдың қаңтарынан бастап ресми тұлғаларды тіркеудің жаңа жүйесіне көшеді

Оның айтуынша, дүниежүзінде бұл жүйенің баламасы жоқ және ол әзербайжандық кәсіпкерлерге өз бизнесін 3 күннің ішінде тіркетуге мүмкіндік береді.

"Салық министрлігі Экономикалық даму министрлігімен бірлесе отырып, көптеген елдердің осы саладағы тәжірибелерін зерттеді. Алайда, біз Әзербайжанға енгізейік деп отырған механизм қазіргі күні көптеген елдерде қолданылып отырған жүйемен салыстырғанда әлдеқайда жақсы жетілдірілген", - деді Ф. Мәмедов.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің 2007 жылдың 25-қазанындағы қаулысына сәйкес Әзербайжан Республикасының Салық министрлігі кәсіпкерлік қызмет субъектілерін "бір терезе" қағидасы бойынша тіркейтін жалғыз мемлекеттік орган болып танылды.