Әзербайжан 2011 жылға қарай мұнай алу көлемін жылына 65 млн тоннаға дейін ұлғайтпақ

Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының президенті хабарлағандай, Әзербайжанда мұнай өндіріле бастаған 150 жыл ішінде елде 1,5 млрд тонна мұнай алынған.

"2006 жылы рекордтық көрсеткіш болып табылатын 32,3 млн тонна мұнай өндірілді. Биыл бұл көлем 43 млн тоннаны құрайды. Ал 2010 жылы 65 млн тонна болмақ. Мұның ішінде мұнай өндіру көлемін өсіру Азери-Чираг-Гюнешли кен орындарының есебінен ғана қамтамасыз етілмейді. Сондай-ақ, ескі кен орындарын қайта өңдеуден өткізу, жаңа ұңғыларды бұрғылау, инфрақұрылым мен коммуникацияны жаңарту есебінен болмақ", - деді Р. Абдуллаев.

Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының президентінің айтуынша, компанияның алдына газ өндіру көлемін ұлғайту тапсырмасы қойылған.

"2008 жылы Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының газды мемлекетке беру көлемін 8 млрд текше метрге дейін жеткізуді жоспарлап отыр", - деді Р. Абдуллаев.

Оның сөздеріне сенсек, Әзербайжан қазір тек мұнай экспорттаушысы болып отырған жоқ. Сондай-ақ, ол газдың да экспортшысы. "Баку-Тбилиси-Джейхан және Баку-Тбилиси-Эрзурум құбырлық жобаларын аяқтағаннан кейін Әзірбайжан Еуропа елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ірі мемлекеттердің (мұнай, газ салалары бойынша) біріне айналды", - деді Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының президенті.

Ол, сонымен қатар, 2006 жылдың желтоқсан айында Шах-Дениз кен орынынан өнеркәсіптік газ алу басталғанын еске салып өтті.

Бұл кен орынын игере бастаған кезден бергі уақыт ішінде бұл жерден 480 млн текше метр газ алынды, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш жылына 20 млрд текше метрге жетпек.

Азери-Чираг-Гюнешли кен орынының қоры шамамен алғанда 1 млрд тонна мұнайды құраса, Шах-Дениз кен орынындағы газ қоры 1,2 трлн текше метрді құрап отыр.