"Бүгін Наримановск ауданында жол көлік апаты болды. Автобус кенеттен жолдан шығып кетіп, аударылған. Апаттан автобустың 18 жолаушысы зардап шекті. Ауыр жарақаттанғандар Клиникалық медицина орталығына жеткізілді", - деп көрсетілген телеарна хабарламасында.
ANS ақпаратына сүйенсек, автобус жүргізушісі апаттың көліктегі ақаудан орын алғанын хабарлаған. Ал Наримановск ауданының полиция қызметкерлерінің айтуынша, апатқа кінәлі жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші.
Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта зардап шеккен 18 жолаушының алтауының жағдайы ауыр. Оқиға бойынша Наримановск ауданының полиция басқармасында тергеу амалдары жүргізілуде.