Әзербайжан аумағында кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанда құрықталды



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әйел 1997-жылы Әзербайжанның Баку ауданында өз күйеуін өлтірген күдікті деп танылған.

Алдын-ала тергеу барысында әйелдің 10 жыл бойы ТМД аумағында, соның ішінде Ресей мен Армения аумағында жасырынып жүргені анықталды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кейінгі екі жыл әйел Қазақстан аумағында тұрған.

Қазір ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу абақтысында отыр.