Әзербайжан Еуропаға тасымалданатын электр қуатының транзиті үшін өңірде айналма қуат тізбегін құруды қолдайды

Министрдің атап көрсеткеніндей, бұл мәселені ол бүгін Бакуге екі күндік сапармен келген Иранның энергетика министрі П. Фатахпен бірге талқылаған.

"Біз Иранмен бірге Ресей, Әзербайжан, Иран, Түркия мен Грузияны қамтитын энергетикалық айналма тізбегін құру жөніндегі жаңа концепцияны жасаудамыз. Біз бұл жобаны жүзеге асыру біздің елдеріміз үшін аса маңызды деп есептейміз. Себебі, мұндай энергия тізбегінің болуы бізге электр қуатын Еуропаға да тасымалдауға мүмкіндік береді", - деді Н. Алиев.