Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы екі ел азаматтарының өзара визасыз кіріп-шығуы туралы үкіметаралық келісім хаттамасы күшіне енді

Құжат ресми баспада жарияланды, сөйтіп ол өз күшіне енді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш хаттамамен екі ел азаматтарына өзара кіріп-шығу кезінде қажет құжаттардың тізімі кеңейтіледі. Бұл тізімге енді дипломатиялық және жай азаматтық төлқұжаттар қатарына жеке куәлік пен шығу туралы куәлік кіреді.

Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы азаматтарының визасыз кіріп-шығуы туралы үкіметаралық келісімге 1997 жылы қол қойылған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті