Әзербайжан мен Қазақстан президенттері телефон арқылы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

"29-мамырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан мемлекет басшысы Ильхам Әлиевке телефон арқылы хабарласты. Мемлекет басшылары екі ел арасында түрлі салалардағы, соның ішінде саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы байланыстардың табысты дамып келе жатқанына қанағаттанғандық білдіре отырып, осы байланыстар аясының болашақта да кеңейе түсетініне сенім білдірді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Екі мемлекет басшысы Әзербайжан-Қазақстан екі жақты қарым-қатынастары, аймақтық проблемалар, энергетика секторындағы ынтымақтастық пен өзара қызығушылық тудырған басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті