Сапар аясында А. Сердюков бүгін Әзербайжан қорғаныс министрі Сафар Абиевпен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасында ортақ қызығушылық тудырып отырған әскери саладағы ынтымақтастық және басқа да бірқатар мәселелер жайлы талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша С. Абиев пен А. Сердюков қорғаныс мекемелерінің 2008 жылға арналған жұмыс жоспарына қол қойды.
Бүгін сондай-ақ, Ресей қорғаныс министрі өз сапарының аясында Габалинская радиолокациялық станциясында болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті