Әзербайжан мен Түркіменстан президенттері кездесу өткізді

"Кездесу барысында әзербайжан-түркімен қатынастарының даму болашағы мен осы процестің белсенділігін арттыруда мемлекет басшыларының кездесуінің алар орыны атап өтілді. Тараптар Түркіменстан басшысының Әзербайжанға осы жолғы сапары екіжақты байланыстардың нығаюына септігін тигізетініне сенім білдірді", - деп атап көрсетті Әзербайжан басшысының әкімшілігі.

Президенттер сондай-ақ, халықаралық саясат пен өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Енді келіссөздер кеңейтілген құрамда өз жалғасын табады.

Сапар барысында сондай-ақ, екіжақты әртүрлі салалардағы ынтымақтастық құжаттарына қол қою қарастырылған.