Әзербайжан мен Түркіменстанның Каспий теңізінің дәрежесі жөніндегі сарапшыларының кездесуі Ашхабадта өтеді - Әзербайжан СІМ

"Бакуде 6-8 ақпан күндері өткен кездесу барысында Каспийдің құқықтық дәрежесі туралы ой-пікірлер алмасылды, теңіз түбін бөлу және Әзербайжан мен Түркіменстан арасындағы теңіз түбінің орта сызығының координаттарын анықтау мәселелері талқыланды. Тараптар талқылауларға оң баға беріп, кезекті кездесуді Ашхабад қаласында өткізуге келісті", - деп көрсетілген хабарламада.

Кездесуде Түркіменстан делегациясын Түркіменстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Хошкелді Бабаев, ал Әзербайжан делегациясын республиканың сыртқы істер министрі Халаф Халафов басқарған.